«Қауіпсіз мектеп» акциясының негізінде іс-шара жоспары құрылып, бекітілді.
- Jan 25, 2019
- 1 min read
20 тамыз –20 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз мектеп» акциясының негізінде іс-шара жоспары құрылып, бекітілді.
Акцияның негізігі мақсаты- білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқушылар арасында және оларға қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік шараларын жетілдіру, сонымен қатар, оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу, жол белгілерін ажырата білуге баулу және жол жүру ережесін сақтауға үйрету.
Осыған орай мектебімізде «Қауіпсіз мектеп» акциясының аясында іс-шара жоспары әзірленіп, бекітілді.
1-11 сыныптарға «Қауіпсіз мектеп» акциясы бойынша бейнороликтер көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
1-8 сыныптар арасында «Қауіпсіз жол» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.
«Қауіпсіз балалық шақ үшін» айдарымен 2-5 сынып оқушылары арасында сурет байқауы болды.
5-7 сыныптар аралығында «Жол ережесін сақтау-қауіпсіздік кепілі» атты дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен спорттық сайыс болды.
Акцияның соңғы күнінде 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен
«Өмір тамаша!» ұранымен флешмоб ұйымдастырылды.
Comentarios