"Көпес Ғанибайдың елге келуі" атты тарихи қойылым
- №17 мектеп
- Mar 22, 2023
- 1 min read
"Ұлыстың ұлы күні" Қазалы қаласында жылдағыдан ерекше аталып өтті. Қазалы қаласында тұңғыш рет қаланың белсенді жастары және Ғ.Мұратбаев атындағы 17 орта мектептің бастамасымен, мектеп директоры Эльмира Сматуллаеваның қолдауымен "Көпес Ғанибайдың елге келуі" атты тарихи қойылымы көрсетілді. Ғанибай көпес Құсайынұлы XIX ғасырдың аса танымал саудагер көпесі болған.Қазалы қаласына "Сауда керуені", мешіт, медреселер салып, қаланың дамуына үлес қосқан. Ғанибай көпес рөлін, идея авторы және 17 мектептің техникалық қызметкері Еркін Әбдіраманов сомдады. Елбасының "Болашаққа бағдар-Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Аспан астындағы мұражай" ұйымдастырылып, онда қала тұрғындарынан, мектеп оқушыларынан және мектептің ұжым мүшелерінен жинақталған көне жәдігерлер көрмесін тамашалаумен жалғасын тапты.
Comments