"Мұқағали-мәңгілік жыр"
- №17 мектеп
- Feb 18, 2019
- 1 min read
Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары Кенжалиева Айнұр, Тауасарова Айнұр, "Жас Ұлан" ұйым мүшелерімен бірге мектеп кітапханашысы Есенжолова Аяжанның ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің 9 ақпан туған күніне орай "Мұқағали-мәңгілік жыр" атты әдеби-сазды кеш болып өтті. Кеш ақынның жанды дауысымен айтылған жырларды тыңдаудан басталды. Ақынның өлеңдерін сүйіп орындаушы ата-ана Әбдіраман Еркін "Кең дүние төсіңді аш мен келемін", "Бұлқынып жатыр", "Жүрек арызы" өлеңдерін орындады және орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мырзабаева Айгүл "Мен білмеймін не боларын күн ертең" әнін әуелете орындап, оқушылар ақын өлеңдерін жатқа айтты.
Comentários