Мектеп инспекторының оқушылармен кездесуі
- №17 мектеп
- Jan 25, 2019
- 1 min read
12 қазан күні 8-11 сынып оқушылары арасында мектеп инспекторымен бірлесе отырып, оқушылар жиыны өткізілді. Жиын барысында мектептің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Кенжалиева мектеп инспекторымен таныстырып, құқық бұзушылыққа жол берілмейтіні жайлы айтып өтті. Мектеп инспекторы Әлібаев Айбек Өмірзақұлы кәмелетке толмағандардың құқына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы балалардың түйсігіне жететіндей етіп түсіндірді. Олар: 127-бап Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамауы. 128-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауғатарту. 131-бап. Кәмелетке толмағаан адамды масаң күйге дейін жеткізу. 132-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын сауық мерекелерінде болуына жол бермеу. 133-бап. 18 жасқа болмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату және олардың сатуы. 434-бап. Ұзақ бұзақылық. 435-бап. Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық. 437-бап. Тыныштықты бұзу. 440-бап. Алкоголдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу. 441-бап. Жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу. 442-бап. 1 бөлігі. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы. 442-бап. 2 бөлім. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ерін жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде саған 2300 ден таңғы 6-ғадейін болуы. Осы баптармен таныстыра отырып, мектеп инспекторы оқушыларға көп кеңістер айтты. Жиын соңында инспектор оқушыларға көкейлерінді мазалап жүрген сұрақтарың болса менен келіп сұрауларыңы болады деп сөзін аяқтады.

Komentar