Полиция жас көмекшілері – есірткіге қарсы!
- №17 мектеп
- Jan 23, 2019
- 1 min read
Updated: Jan 25, 2019
Есірткіге қарсы қоғамдық насихатты және бұқара қауым арасында есірткіге қарсы иммунитетті, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу мақсатында Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы тарапынан «Жас полиция көмекшілері» жасақтары арасында шығармашылық сайысы ұйымдастырылды. Бұл облыстық сайысқа Қазалы қаласындағы №17 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебі де өз үлесін қосты
Комиссия құрамы Қызылорда ОІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері және Қызылорда білім басқармасы уәкілдерінен құралған сайыс келесідей талаптардан тұрды: мектепаралық «Жас полиция көмекшілері» - есірткіге қарсы акциясын өткізу; есірткінің зияндылығы жайлы лекциялар оқу; «Есірткісіз болашақ!» тақырыбында бейнеролик әзірлеу және т.б. жұмыстар жүргізу болатын. Қойылған талаптарды мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айнұр Кенжалиеваның басшылық жасауымен мектеп тәлімгері Сыдық Айнұр, мектеп инспекторы Әлібаев Айбек пен «Жас полиция көмекшілер» жасағы және мектеп медбикесі Әбджаппарова Гулмираның бірлесе орындауы нәтижесінде, № 17 мектеп ұжымы «Жас полиция көмекшілері» есірткі мен нашақорлыққа қарсы бағытындағы сайыста
І орынмен марапатталды.
Жарайсың, мектеп ұжымы! Тәрбие мен білім жолындағы ерен еңбектеріңіз бағалана берсін! Әрқашан жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!

Comments