«Жемқорлыққа жол жоқ» академиялық тазалық мәселесі
- №17 мектеп
- Jan 25, 2019
- 1 min read
9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, ұйымдастырылған «Жемқорлыққа жол жоқ » академиялық тазалық мәселесіне арналған оқу сағатына мектептің ұстаздары мен 9-11 сынып оқушылары қатыстырылып,сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың негізгі ережелері және негізгі кезеңдері туралы мағлұмат алды.
1.Республикалық «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны аясында іс-шара жоспары әзірленіп, бекітілді.
2. «Хабарласыңыз! Көмектесеміз!» айдарымен оқушыларға сенім телефондары айтылып,түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
3.5-8 сынып оқушыларының қатысуымен «Зорлық-зомбылыққа төтеп берейік» ақпараттық науқаны аясында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
4. «Өкпелеу және қорлаудан сақ балалар» тақырыбында 9 сыныптарда тәрбие сағаты өткізілсе,10-11 сыныптарда «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» атты сынып сағаттары, 3-4 сыныптарда «Балалық шақ қорғалуда» таным сағаты ұйымдастырылды.
5. Мектеп психологі Сахиева Перизаттың ұйымдастыруымен 5-9 сынып оқушыларына «Зорлық зомбылыққа бірге төтеп берейік!» тақырыбында тренинг жүргізілді.
Comentários