«Жас Ұлан жетістіктер жолында» жылдық акциясы
- №17 мектеп
- Jan 28, 2019
- 1 min read
Қазалы қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде «Жас Ұлан жетістіктер жолында» жылдық акциясы аясында 2019 жылы қаңтардың 24 күні ерекше білімді қажет ететін 6 «ә» сынып оқушысы Әділ Жансаяның «Досымның көрмесі» тақырыбында көрмесі өткізілді. Көрмеде фетр матадан шаш қыстырғыш, қол сумкесі, қардон қағаздан үйдің макеті, маталардан көрпе және кез-келген тақырыпта салынған суреттер қойылды. Жансая өзінің жасаған жұмыстарын таныстырып берді. Сыныптасы Илияс Диас Жансая жайында жақсы пікірлер айтты.
Comments