«Біз ЖИТС-қа қарсымыз» бейнефильм көрсетілімі
- №17 мектеп
- Jan 25, 2019
- 1 min read
Мектебімізде қараша айының 30- күні 8-11 сыныптар аралығында «Біз ЖИТС-қа қарсымыз» атты бейнефильм көрсетілімі өткізілді. Мақсаты:Оқушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы азаматтың басты проблемасы екенін,оның зиянды жақтарын түсіндіру,ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан- жақты меңгерту,зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру.Оқушыларға «Біз СПИД-ке қарсымыз» атты бейнеролик көрсетілді.Оқушылар бейнефильмді зейін қойып тыңдады.Шара барысында оқушылар 3 топқа бөлінді.1-топ «Ғасыр дерті болып табылатын ЖИТС», 2-топ «Аурудың негізгі белгілері», 3-топ «ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары» оқушылар өз ойларын айтып пікір алысты.3-топқа ситуациялық сұрақтар қойылып оқушылардан жауап алынды.3-топтың оқушыларын біріктіріп «Түймедақ» тренинг ұйымдастырылып,оқушылардан «Сіз ЖҚТБ туралы не білеміз?» тест жұмысы алынды.Іс-шара соңында мектеп медбикесі Әбдіжаппарова Гүлмира аурудың алдын алу үшін,ауырмайтын жол іздеу керек екенін,салауатты өмір салтын ұстану,жеке бастың тазалығын сақтау керектігін айтып өтті.
Commentaires