«Ауған асуында от кешкендер»
- №17 мектеп
- Feb 13, 2019
- 1 min read
Мектебімізде 2019 жылдың 5 ақпан күні интернационалист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ауған асуында от кешкендер» атты кездесу кеші өткізілді. Кештің мақсаты Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету. Кешке мектеп түлектері, интернационалист - жауынгерлер Айдар Әлиев, Болатбек Өмірзақов,Алмағамбет Жаңабай,Тәжібеков Ғабиден,Ілиясов Қайрат,Жолтаев Жеткерген қатысты. Кеш Ауғанстан оқиғасы болған бейне сюжетпен ашылды. Оқушыларға Ауғанстан соғысының тарихы туралы мәліметтер берілді. Кеш қонақтарымен кеңінен сұқбат жүргізілді. Кеш қонақтары оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Жауынгер ағаларымызға арнап 10 «а» сынып оқушысы Игенбайқызы Байан «Мойор» өзінің жүрекжарды арнауын оқыды.Мектебіміздің жас сарбаздары 11 «а» Орысбек Ақжол, Қожбан Ақтоты, 10 «а» сынып оқушысы Сырғаш Маржан әскери қаруды шашып және жинаудан өнер көрсетті. 5 «а» сынып оқушысы Сыдық Әлихан кеш қонақтарына «Менің Қазақстаным» әнін тебірене жолдаса, 10 сынып оқушылары арнау өлеңдерін оқып, қонақтардың көңілін бір сергітіп тастады. Сынып жетекшісі Әзмұратова Айгүл
Comments