Сіз – көшбасшысыз ба?
Білу үшін ойланбай келесі сұрақтарға («иә», «жоқ», «білмеймін») жауап беріп көр.
1.Бала кезімде басқа адамдарға бағыну мен үшін қиын болған.
2.Менінше, ғылым мен мәдениеттегі прогресс басқа адамдарға билік жүргізетін қабілеттері дамыған адамдарсыз мүмкін емес.
3.Нағыз еркек өз дегеніне әйелді бағындыра алады деп ойлаймын.
4.Жақын адамдар қамқоршы болғанын ұнатпаймын.
5.Дұрыс айтады екен: шынайы әйел мінезі – бағыныштылық.
6.Туғандарымның үнемі амандығы үшін кауіптеніп, барлығын өз міндетіме аламын.
7.Көптеген мәселелер «мықты қолдың» жетіспеушілігінен туады.
8.Дереу шешім қабылдау керек қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға маған көп уақыт қажет емес.
9.Мен басқа адамдарды басқаруды білемін және жақсы көремін.
10.Ешкімнің алдында өзімді ақырына дейін ашуды жақсы көрмеймін.
11.Маған «тыныш жер» туралы армандау ұнайды.
12.Менінше, бастыққа бағынышты адам бастықтың кез келген бұйрығын орындауға міндетті.
13.Мен біреуден, жақындарымнан бір нәрсе сұрауға мәжбүр болғанда, ішкі кедергіні сезінемін.
14.Жиі былай болады, барлығы түсінікті болса да, менен түсіндіруді күтіп тұрады.
15.Менінше, менің мінезім отбасымыздың тірегі болған әкеме (анама) ұқсайды.
Ұпайларды санаймыз. Әр «иә» жауабы үшін 10 ұпай аласыз. «Білмеймін» деген жауапқа – 5 ұпай. «Жоқ» жауабы үшін – 0 ұпай.
Қорытынды:
150-100 ұпай: сіздің жауаптарыңыз барлығын білетін және солай болады деп есептейтін ұлы диктатор бейнесін суреттейді. Бұл қылығыңызға сіз ақтайтын дәлел жеңіл табасыз. Сіз басқа адамдарды басқара аласыз, сендіре аласыз, жұмысты уақытында орындата аласыз, бірақ сіздің «бағынышты адамдарыңыздың» қарасы, ымы «Демалып алайықшы!» дейді.
99-50 ұпай: сіздің ең басты адамгершілігіңіз – үндестік пен батылдық, даналық пен есеп, жақсы кеңес беру шеберлік. Қажет болса – басқарасыз, көнесіз, үнемі басқа адамның пікіріне назар аударасыз. Бірақ сізге ғана мәлім, өзіңіздің мақсатыңызға лайықты құралмен қол жеткізгеніңіз.
49-0 ұпай: сіздің жауаптарыңыз «психологиялық» жыланға тән. Сізден оны ешкім талап етіп тұмаса да, сіз кез келген сөгіске көне саласыз, құрбан ете саласыз. Өзіңіздің әлсіздігіңізді сезіп, батыл әрекетке қабілеттісіз. Шарасыздықты сезінгенде, басқалардан өзіңізге жетпейтін мінез-құлықты іздейсіз.
Кәсіптік бейімделу бойынша сауалнама
1. Сені қандай мамандық қызықтырады?
2. Сені онда не қызықтырады (үштен көп емес ұстанымды белгілеңіз):
– әлеуметтік бедел;
– еңбекақы;
– мансап жасау мүмкіншілігі;
– өз қабілеттерін дамыту мүмкіндігі (атап көрсетіңіз);
– мамандықтың зияткерлік сипаты;
– басқаларды басқару мүмкіндігі;
– мамандықтың шығармашылық қасиеті;
– адамдарға пайда әкелу мүмкіндігі;
– адамдармен қарым-қатынас мүмкіндігі;
– мамандық күрделілігі;
– басқа ________________________________________.
3. Сен ЖОО түсуге қалай дайындалып жатырсын (үштен көп емес ұстанымды белгілеңіз):
– өз тұлғаңыздың жеке ерекшілігін зерттейсіз бе;
– таңдаған мамандыққа қойылатын талаптарға қызығушылық танытасыз ба;
– оқу орындарымен және қабылдау ережелерімен таныстындар ма;
– оқуға түсу үшін қажетті пәндерді өз бетінмен терең оқуды бастадың ба;
– репетиторлармен жақсылап дайындалуды бастадың ба.
4. Болашақ мамандық туралы ақпаратты сен қандай дерекнамалардан аласын?
– ата-аналар;
– туғандар;
– достар;
– БАҚ;
– педагогтар;
– таныстар.
5. Сенің таңдауын туралы ата-анан не дейді ________________________________
6. Осы мамандықты таңдап, сен қоғамға не бересін? ________________________





