Мектеп бітіруші түлектерінің ата-аналарына психолог кеңестері
-
Уақыттың көп бөлігін балаңызбен өткізуге тырысыңыз, балаңыздың көңіл-күйі мен барлық проблемалары туралы хабардар болыңыз.
-
Тәртіп жөнінде пікір айтқанша, өзара әрекет жасауды біліңіз.
-
Жазалаудан аулақ болыңыз.
-
Оптимизм көрсетіңіз.
-
Жетістіктерге жету талпынысын қолдаңыз.
-
Жеке адам даралығын құрметтеңіз.
-
Сынақ тестілеу, консультациялар мен курстарды төлеп тұрыңыз.
-
Күн тәртібін құрастыруға жәрдемдесіңіз.
-
Тапсырмаларды тексеріп, қадағалап тұрыңыз.
-
Тестілеудің аралық нәтижелерін талқылап тұрыңыз.
-
Сәтсіздікті жеңіп шығуға жәрдемдесіңіз.
-
Ой жүктемесі мен дене жүктемелерді (спорт, ыдыс жуу, қоқыс жинау) кезектестіріп жүктеңіз.
-
Компьютер мен теледидарды азайтып, көзге үзіліс жасап демалтып тұрыңыз.
-
Күніне 4-5 рет тамақтандырып тұрыңыз (шоколад, жемістер, көкөніс, ет, балық, сүт өнімдері, жанғақтар, дәруменді, құнарлы).
-
ҰБТ болатын күні – жеңіл таңғы ас (артық жеуге болмайды, тыныштандыратын дәрілерді ішпеу).
-
Жүйке-психикалық зорығуды және стресс, жағымсыз эмоцияны жеңіп алуға тырысыңыз.
-
Өзіне, өз күші мен қабілетіне сенуге жәрдемдесіңіз.
-
Сәтсіздік болған жағдайда қолдау көрсететіңізді, өзіне сенушілікті күшейтіңіз.