top of page
Зорлық -зомбылық – адамның денсаулығына дене және моральдық зиян тигізетін, еркіне қарсы әрекеттер және қысым көрсету. Зорлық-зомбылықтың негізгі 4 түрі болады: күш көрсету, сексуалдық, психологиялық және экономикалық зорлық.
Күш көрсету зорлық-зомбылық - дене күшін қолданып, денені ауыртып, ішімдік ішуге, есірткі және басқа да уландырғыш заттарды қолдануға, денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
Психологиялық (эмоциялық) зорлық-зомбылық – бұл адамға қайта-қайта, ұзақ уақыт немесе үнемі психикалық
БАЛАЛЫҚ ШАҚ - ҚАТАЛДЫҚСЫЗ ЖӘНЕ ЗОРЛЫҚСЫЗ!

ықпал ету. Егер бұл ықпал жасөспірімге жасалса, тұлғаның дамуын тоқтатып, мінезде патологиялық мінез қалыптасуға әкеледі. Бұған жатады: ашық жағымсыздық және үнемі сынға алу; намысқа тиетін қоқан-лоқы көрсету, ескертулер, кеміту түрінде сөйлеу; жасөспірімнің ересектермен немесе құрбыларымен қарым-қатынасына әдейі шектеу қою.
Экономикалық зорлық-зомбылық - адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру. Бұған шиеленіскен жағдайды жасау мақсатымен білім алуға және/немесе жұмысқа орналасуға тыйым салу жатады.
Сексуалдық зорлық-зомбылық - адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет. Жасөспірімнің жыныстық қатынасқа келісім беруі оны зорламау деп есептелмейді, себебі ол ерік бостандығына ие емес және өзіне деген жағымсыз салдарын болжай алмайды.
Кей уақытта жасөспірімдер психологиялық ықпалдың белгілі

бір түрлерімен кездеседі - жыныстық қатынасқа итермелеу – амал-айлалы әрекет. Мұны зорлық (мәжбүрлеу) түріне жатқызуға болады, бірақ тікелей емес бүркеме лі түріне. Ол жиі құрбы-жасөспірімдер арасында кездеседі.
ҚИЫН ӨМІРЛІК ЖАҒДАЙДЫ ЖЕҢУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР
Амал-айладан қорғану:
1. Егер сізге түскен ұсыныс қызықтырмаса, батыл және қатаң «жоқ» деп айтыңыз.
2. Егер әңгімелесуші айтқанын істетуге немесе амал- айлануға әрекеттенсе, «жауыр болған күйтабақ» әдісін қолдануға болады.
Бұл әдіс өз пікірінді диалогта сақтап қалуға мүмкіндік береді. Әңгімелесуші сізден қандай да жауап күтсе де, басты міндет –сіздің көзқарасыңызды білдіретін қысқа сөйлем таңдап, «жауыр болған күйтабақа» ұқсап, қайталай беріңіз (қайта-қайта, асықпай, ашуланбай, дауысыңызды көтермей). Мысалы, «Үлкен рақмет, мені бұл қызықтырмайды».

bottom of page