top of page

Кәмелетке толмаған оқушылар мен ата-аналар үшін ескертпе

Бұзақылық – азаматтарға күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен не ерекше арсыздығымен ерекшеленетін әдепсіз әрекеттер жасаумен ұштасқан, қоғамды көрінеу құрметтемеуді білдіретін қоғамдық тәртіпті бұзу қоғамдық тәртіпті тым өрескел бұзушылық болып танылуы мүмкін. Бұзақылық бір топ адамдармен (екі немесе одан да көп адамдармен) немесе үкімет өкілдеріне бағынбау, немесе бұзақылық үшін сотталған адаммен жасалады.

«Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы»

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы N 3 Нормативтік қаулысы

 257-бап. Бұзақылық

  1. құрметтемеуiн бiлдiретiн азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз iс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртiптi тым өрескел бұзушылық -       екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республиксының Кодексі"

330- бап. Ұсақ бұзақылық

айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

330-1-бап. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау.

айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады.

331-бап. Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық

Он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 257-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық, - ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екіден беске дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

332-бап. Елдi мекендерде атыс қаруынан ату, пиротехникалық қондырғыларды жару.

Пайдалы сілтемелер

© 2021 "Ғ.Мұратбаев атындағы № 17  орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған. Сайттан мәлімет қолданған

жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Instagram Social Icon
© Copyright
bottom of page