Ата-аналарға арналған тест
(баланың мектепке дайындығын анықтау үшін)
-
Сіз қалай ойлайсыз сіздің балаңыз бірінші сыныпқа барғысы келе ме?
-
Мектепте балаңыз көп жаңа және қызықты жаңалақтарды біледі деп ойлай ма?
-
Сіздің балаңыз біраз уақыт (15-20 минут) өз бетімен бір іспен айналысып отыра ала ма (сурет салып, мозаика жинау және т.б. )?
-
Сіздің балаңыз бөгде адамдардың арасында ұялмайды деп айта аласыз ба?
-
Сіздің балаңыз суретті жүйелі суреттеп, ең аздегенде бес сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыры ала ма?
-
Сіздің балаңыз жатқа өлең біле ме?
-
Балаңыз берілген зат есімді көпше түрінде айтып бере ала ма?
-
Сіздің балаңыз буындап оқу біле ме?
-
Балаңыз онға дейін тура және кері санай ала ма?
-
Бірінші ондықтан бір санын қосуға немесе азайтуды біле ме?
-
Сіздің балаңыз тор сызықты дәптерге қарапайым элементтерді жаза, кішкентай өрнектерді мұқият көшіре ала ма?
-
Сіздің балаңыз қайшы және желімді пайдалануды біле ме (мысалы, қағаздан аппликация жасау)?
-
Бес элементтен тұратын суреттен бір минутта тұтас сурет жинай ала ма?
-
Сіздің балаңыз жабайы аңдар мен үй малдарын атап бере ала ма?
-
Сіздің балаңыз өз бетімен уақыт өткізуді ұната ма, мысалы сурет салып, конструктор жинап және т.б.
Әр жағымды жауап үшін – бір ұпай.
Тест нәтижесі:
Егер сіз 15 сұраққа ризалық білдіріп жауап берсеңіз демек сіздің балаңыз мектепке дайын. Сіз балаңызбен бекер дайындалған жоқсыз, егер кейін балаңызда оқу барысында қиыншылықтар туындаса, балаңыз сіздің көмегіңіз арқылы оларды жеңе алады.
Егер балаңыз жоғарыда берілген сұрақтардың 10-14 орындай алса, сіз дұрыс жолдасыз. Сабақтар барысында балаңыз көп нәрсеге үйреніп, біліп алған. Ал, теріс жауап берген сұрақтарыңыз сіздің неге назарыңызды аудару қажет екенін және баламен әлі де жаттығу қажет екенін білдіреді.
Егер Сіз, 9 немесе одан да аз сұраққа жағымды жауап берсеңіз баланың оқуға дайындығына көп уақыт, назар бөлу қажет екенін білдіреді. Бала мектепке баруға әлі дайын емес. Сол себептен сіздің міндетіңіз – баламен жүйелі турде жаттығып, түрлі тапсырмаларды орындау қажет. Оқудың алғашқы кезеңінде баламен бірге мұқият үй тапсырмаларын орындап, өткен материалдарды қайталап тұру қажет болады, бірақ үміт үзуге болмайды – жүйелі және үздіксіз сабақтар сіздің балаңызға қажетті білімді меңгеруге көмектеседі.