top of page

Ата-аналармен жұмыс

 

«Педагогика барлығы үшін ғылым болуы қажет

– мұғалімдер үшін де, ата-аналар үшін де»

В.А.Сухомлинский

 

Әр педагог ата-ана бала тәрбиесі сұрақтарына қызығушылық танытқанын қалайды. Барлығына мәлім, ата-ананың қатысуынсыз тәрбие үрдісі мүмкін емес немесе толық емес болады. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта ата-аналар мен мұғалімдер арасында түсінпеушілік өсуде. Сансыз әлеуметтік сауалнама мәліметтері бойынша педагогтардың 7,8% бала отбасында тәрбиеленбейді деп отбасын кінәлайды. Олай болса ата-аналар педагогтардың әрекетін жақтыртпайды.

 

Ата-аналардың көп бөлігі педагогтардың кәсіби деңгейі, адамгершілік қасиеттері төмен деп есептейді. Мектеп және отбасы арасына түскен балалар бұлтарып, ыңғайланып, аяғында адамгершілік қасиеттерін жоғалтады. Қазіргі уақытта отбасы да өзгерді. Ата-аналар баласы кім болады, қандай адам болады деген сұрақтарды ойлағылары келмейді. Педагог оқушыларының ата-аналарымен ортақ тіл табуға қиналады. Көптеген отбасы бала тәрбиесінде туындаған қиындықтарды мұғаліммен талдауды жаман мінез деп санайды, бірақ шыдай алмаған ата-ана мұғалімге келгенде кеш болады.

Түрлі әлеуметтік сауалнамалар қандай да ақпарат бермесе де, педагогтар қолдарынан келгеннің барлығын жасап, оқушылардың ата-аналарымен қарым-қатынасты тиімді болуын қалайды. Жолдардың барлығы тәрбие алаңы, әлеуметтік орта бірыңғай болуға бағыттап, ең құнды өмір негізі лайықты АДАМ болуды құрастырады.

Баланың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға көмек беретін және бала тәрбиесі жемісті болуына отбасы мен мұғалім қандай қарым-қатынаста болуы қажет?

Ересектер жиі келесі сөйлемді қайталай береді: «Барлығы балалық шақтан басталады». Бұл рас.

Баланың мінезі, достарды таңдауы, жақын адамдармен қарым-қатынасы, болашақ отбасындағы отбасылық тәрбие дәстүрі – балалық шақтан басталады. Адамның өмірлік жолын анықтайтын отбасын сөре алаңымен салыстыруға болады.

Бала өмірінде кездесетін қиындықтарды лайықты және абыроймен жеңіп шығуға ата-ана және әр ересек адам жауапты. Бала үшін өмір жолында өмір өнерін үйрететін адамды кездесу маңызды. Сынып жетекшінің рөлі өте маңызды – ол ата-ана мен бала үшін тірек және біріктіретін күш бола алады.

Оқушылардың ата-аналарымен жұмыс барысында ойластырылған және нақты ұйымдастырылған ынтымақтастық жүйе өте маңызды.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері өте көп.

Отбасы мен мектептің психологиялық педагогикалық қарым-қатынас кешенін топтастыратын, ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрінің негізгі әдісі ол ата-аналар жиналысы. Есеп немесе кеңес беретін кездесулерді ата-аналар ұнатпайды. Бір рет баласы немесе өзіне қатысты жағымсыздықты сезген ата-ана зақымданатын жағдайға жоламайды. Жаман ұйымдастырылған және спонтандық ата-аналар жиналыстары, оқушылардың отбасымен кездесулер әкелер мен аналарда үрей және сенімсіздік тудырады.

Бұл жағдайдан шығу жолы ата-аналар жиналысын өткізу әдістері мен тәсілдерін өзгерту, оларды өткізу негізінде пікірсайыс әдісі жатыр. Монологтан диалогқа көшу жолы педагогтан үлкен дайындықты талап етеді, бірақ бұл жұмыстың нәтижесі жоғары болады. Ата-аналарға жақсы ата-ана болуға жәрдемдесу қажет. Оқушылардың барлық оқу кезеңдеріндегі сынып жетекшінің рөлі бұл үрдісте бағасыз қалдыруға болмайды. Сол себептен, сынып жетекші мен ата-аналардың қызметтестік бағыты психология мен педагогика сұрақтары бойынша аналар мен әкелерге білім беру. Ата-аналардың психологиялық педагогикалық білімдерін жоғарлату барысында түрлі бағыттағы мамандарды қатыстыру қажет: дәрігерлерді, психологтарды, заңгерлерді, қоғамдық ұйымдар өкілдерін, әлеуметтік педагогтарды, пән мұғалімдерін.

Ата-аналар жиналысына ерте дайындалуды бастау қажет және оған келесілер кіруі қажет:

  • Ата-аналарға сауалнама жүргізу

  • Оқушылардың диагностикасы

  • Мерзімді анықтау

  • Тақырып туралы хабарлау

  • Қоңақтар мен мамандарды шақыру

  • Отбасылық байқаулар

  • Бейнетүсірмелер мен сұхбат

  • Жаднамалар дайындау

  • Шақыру билеттерін дайындау (балалардың қатысуымен)

  • Ата-аналар мен балаларға грамоталар және алғыстарды безендіру

  • Мінездемелерді рәсімдеу

  • Деректемелерді дайындау

  • Газет шығару және т.б.

Жиналыс мақсат емес және оған дайындық күнделікті жұмысқа кедергі болмауы қажет бұны түсінуге маңызды. Дайындық күнделік жұмыстың жоспарланған және шын бөлігі болуы тиісті.

Өткізген жиналыстың жетістік немесе сәтсіздіктігін бағалау барысында ата-ананың оқу-тәрбие жұмысына деген қызығушылығы болып табылады.       

Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысын өткізу дәстүрін қалыптастыруға назар аударуы қажет. Бұл ата-аналарда жиналысқа қызығушылық танытуға мүмкіндік береді, сынып ұжымының жұмысына қатысуға қажеттілік пен жауапкершілікті оятады.

Мұқият дайындалған, мазмұнды, әдісі бойынша стандарттан тыс және маңыздылығы бойынша өзекті ата-аналар жиналысы әкелер мен аналар санасын өзгертіп, оларда үлкен тәрбиелік потенциал және баласына бақытты болуға жәрдем беру ықыласын тудырады. Сынып жетекшісі жиналысты дайындаған педагог ата-аналар алдында беделді болса және ересектер тарапынан ол жиналыста қажеттілік болғанда ғана ата-ана жиналысы тиімді болатынын есте сақтауы тиісті.

 

Егер балалар, ата-аналар және мұғалімдер бірге болса, бұл біздің нағыз жетістігіміз болады!

АТААНА.jpg

Пайдалы сілтемелер

© 2021 "Ғ.Мұратбаев атындағы № 17  орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Барлық құқықтар қорғалған және сақталған. Сайттан мәлімет қолданған

жағдайда түпнұсқаға сілтеме болуы міндетті

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Instagram Social Icon
© Copyright
bottom of page