top of page

Қазалы қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде

2019  жылдың қазан айының 30-ы  күні өткізілген

Қамқоршылық кеңес отырысының

№1 хатамасы

 

Қатысқандар:

Кеңес мүшелері – 7

Ата  - аналар комитетінің төрағалары және мектеп ұжымы

 

Күн тәртібінде:

          1.2018 – 2019 оқу жылында және 2019 – 2020 оқу жылының I оқу тоқсаныны бойынша атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттері туралы.

                                 Хабарламашы: Э.А.Сматуллаева – мектеп директоры

                                         

        Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Сматуллаева Эльмира Айтжанқызы хабарлама жасады. Ол өз сөзінде 2018 – 2019 оқу жылындағы мектептің педагог мамандарымен қамтылуы, материалдық - техникалық базасы, даму жоспары, оқушылардың сайыстарға қатысу және мұғалімдердің кәсіби жетістіктерінің мониторингі, ҰБТ, жаңартылған сыныптармен жұмыс, тәрбие жұмысы туралы айтып өтті. Атап айтар болсақ, 2018 -2019 оқу жылында мектепте барлығы 22 сынып бірлігінде 480 оқушы білім алды. 73 мұғалім жұмыс жасады. Білім сапасының көрсеткіші 71,2% құрады.  Мектеп бойынша 8 кабинетте интерактивті тақта орнатылған. Мектепішілік бақылау және  басқару бағытында 8 педагогикалық, 10 директор жанындағы, 4 әдістемелік кеңестер  өткізіліп,  оқу – тәрбие үдерісіндегі нормалардың сақталуы, оқытудағы өзгерістер, білім көрсеткішінің өзгеру динамикасы, пәндердің берілуі, бөлінген көшбасшылық топтардың рефлексиялық есебі, тәрбие бағыты бойынша талдамалар жасалды. Мектепте алты  көшбасшылық топ /МДЖ, Lesson Study, Эволюциялау, Критериалды, Тәлімгерлік, Желілік байланыс/ жұмыс жасайды. 2018 – 2019 оқу жылындағы мүғалімдер жетістіктерінің жалпы саны -152, оқушылардың білім көрсеткіші бойынша жетістіктер саны -149, оқушылардың тәрбие саласы бойынша жетістіктерінің сандық көрсеткіші – 414.

      ҰБТ бойынша орташа балл 86,1%  құрап, 4 оқушы «Алтын белгі»,              12 мектеп бітіруші грант иегері атанды.

      Тәрбие саласы бойынша сынып жетекшілер, құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі, жазғы демалысты ұйымдастыру, әлеуметтік – психологиялық қызмет, «Жас Ұлан» ұйымы жұмыс жасайды. Мектеп оқушыларына тәрбие беру 8 бағыт бойынша жұмыс жасады. 1 – 11 сынып оқушыларының  жалпы ата – аналар жиналысы -9, сыныптардағы ата – аналар жиналысы -6, әр түрлі бағыттағы іс – шаралар саны – 593.

      Мектепте әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балалары 140 оқушы. 80 оқушы ыстық тамақпен, 35 оқушы оқу құралдарымен қамтылып, барлығы 800 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

      Мектептегі психологиялық қызмет негізгі бес бағыт бойынша жұмыс жасады. Олар: психологиялық түзету – дамыту, психологиялық диагностика, психологиялық алдын алу, психологиялық кеңес беру, психологиялық ағарту.

         Мектептің кітапхана қоры  16118 кітапты құрайды, мектеп оқулығы – 11291, көркем әдебиет – 1950, электронды оқулық – 112, әдістемеліктер -459.   

  Өз сөзін қорыта келе мектеп басшысы 2018 – 2019 оқу жылындағы оқу тәрбие жұмысына SWOT талдау жасап, атқарылған жұмыстардың «күшті», «мүмкіндіктері», «әлсіз» және «қауіпті» тұстарына тоқталып, алдағы уақытта жұмыстың одан әрі жалғасатынын  айтып өтті.      

Шығып сөйлегендер:

     Әбілханов Алмат, кеңес мүшесі: Мектептің атқарып атқарып жатқан жұмыстары туралы жақсы білемін. Қала көлеміндегі іс – шаралардың ұйытқысы  осы мектептің ұстаздары мен оқушылары. Мектеп директорының есебіне «жақсы» деген баға беремін.

     Романов Нұрқасым, кеңес мүшесі : Эльмира Айтжанқызының жасаған хабарламасын тыңдай отырып, «жақсы»  деген баға беремін.

     Көшербаев Асылбек, кеңес мүшесі: Мектеп оқушылары аудандық жарыстарға қатысып жүлдегер анып жүр. Мектеп басшысының есебіне, мектептің атқарып жатқан жұмысына «жақсы» деген баға беремін

     Жалғасбаев Әділбек, кеңес мүшесі: Мектепте түрлі жұмыстар атқарылып жатқанын жақсы білеміз. Балаларымыз оқиды. Мектеп тің атқарып жатқан жұмысына « жақсы» деген баға беремін

     Жанысова Гүлнар, кеңес мүшесі: Мектептегі жүйелі жұмыстың мен де куәсімін. Ұжым мүшелеріне алғыстан басқа айтарым жоқ. «өте жақсы» деген баға беремін.

Қаулы:

    1. 2018 – 2019 оқу жылында және 2019 – 2020 оқу жылының I оқу тоқсаныны бойынша атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттері туралы жасаған мектеп директоры  Э.Сматуллаеваның хабарламасы қаперге алынсын.

   2. 2018 – 2019 оқу жылында және 2019 – 2020 оқу жылының I оқу тоқсаныны бойынша атқарылған жұмыстарға «жақсы» деген баға берілсін.

 

             Қамқоршылық кеңес төрағасы:               Ө.Күлімбетов

                                                    Хатшы :               А.Кенжалиева

Полезные ссылки

© 2019 Коммунальное учреждение образования «Средняя школа № 17 имени

Г. Муратбаева». Все права защищены. Если вы используете информацию с сайта, вы должны иметь ссылку на оригинал

  • Facebook Social Icon
  • Twitter Social Icon
  • Google+ Social Icon
  • YouTube Social  Icon
  • Pinterest Social Icon
  • Instagram Social Icon
© Copyright
bottom of page